Қымбат көліктер түсіңізге кіріп жүр ме? Аз уақыт болса да түсіңізді шындыққа айналдыра аласыз. Қалай? Алматы қаласында жаңа каршеринг іске қосылды. Бұл дегеніміз Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары жап-жаңа Volkswagen Polo көліктерін минуттық тарифтеу жүйесі арқылы жалға ала алады.
Бұл әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде қалыптасқан жүйе. Қазір көлікті сатып алудан гөрі жалға алғанды жөн көрген шетелдіктердің саны артқан. Бұл жүйе бойынша елімізде көлікті жалға беру арқылы табыс табатын компаниялардың саны артуда.
«Каршетинг дегеніміз белгілі бір тұлғаның немесе жекеменшік компанияның атына тіркелген көліктердің жалға берілуі.Бір ерекшелігі көлікті жалға беру бағасы минутына немесе жүрілетін жолдың шақырымына тікелей байланысты болып келеді. Бұл қызмет Шыейцарияның Цюрих қаласында XX ғасырда пайда болған.
Негізінен каршеринг Қазақстан үшін таңсық ұғым деуге болмайды. Мұндай қызмет біздің елде бірнеше жыл бұрын іске бқосылған болатын. Алайда бұл қызметтің түрі енді ғана кең қолданысқа түсіп, сұранысқа ие болып жатыр.
Сол себептен біз ең алдымен тұтынушыларымыздың көлік жүргізудегі тәжірибесінің 3 жылдан кем болмауын талап етеміз. Бізде ұсынылатын қызметтің бағасы қолжетімді. Көлікті бір тәулікке жалға алу құны оның санатына қарай 7 мыңнан 15 мың теңгеге дейін жетеді. Жалға алынған «темір тұлпар» қозғалысы компания мамандарымен ұдайы бақылауда болады. Бұл бақылау жүйесі GPS арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде компания өз меншігіндегі көлік құралы мен тұтынушының да қауіпсіздігін назарда ұстайды. Көлікті басқару кезіндегі заңдылықтары, оқыс оқиға орын алған жағдайда туындайтын мәселелер келісім-шартта нақты көрсетілген, –дейді компания директоры Наталья Деда.
18 қазанда каршерингтің әлемдік операторы Қазақстандағы өз жұмысын бастады. Ресейде бірнеше ыл бойы табысты қызмет атқарып келген компания Anytime деп аталады. Ал аталмыш компанияны құрушылар жоғары танымалдылыққа ие «Делимобиль» және «Делисамокат» деп аталатын қызет түрлерінің басшысы атанған.
Anytime клмпаниясы туралы бірер сөз
Бұл компанияның Қазақстанға арналған жоспары өте ауқымды болып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, компания қызметі іске қосылғанна бастап 10 адам тіркелген бойда компания үшін 100 автокөлік қолжетімді болады. Компания өзінің тұтынушыларына Ресейде өндірілген автоматты трансмиссиялы жап-жаңа Volkswagen Polo седандарын ұсынатын болады. Биылғы жылы көліктердің саны 100-ге артатын болса 2019 жылы 500 дананы құрайтын болады. Компанияның жоспары бойынша 2021 жылға қарай компания 1,5 мың автокөліктен тұратын паркке иелік ететін болады. Қазіргі уақытта каршеринг өз қызметін Алматы қаласынан бастап отыр. Келесі жылдан бастап Астанада да бұл қызмет іске қосылатын болады. Ал 2019 жвлдвң соңына таман аталмыш автокөлікті Шымкентте де жалға алуға мүмкіндік болады.
Бұл қызмет тым қарапайым. Пайдаланушыға тиісті қосымшаны жүктеп, банк картасын бекіте отырып, жүргізуші куәлігімен және жеке куәлікпен селфи жасау арқылы тіркелу қажет болады. Мәлімет расталғаннан кейін автокөлікті ала беруге болады.
Көліктер қала бойынша шашыраңқы орналасқан. Көлікке дейін жетіп, оны іске қосу үшін тек 20 минут уақыт беріледі. Әйтпесе күттіргеніңіз үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді, ал оның құны минутына 13 теңгені құрайды. Ал онымен жүру бағасы минутына 19 теңгеден тәулігіне 13 мың теңгеге дейінгі әртүрлі төрт тариф бойынша есептеледі.
Көлікті қаланың кез келген жеріне,қалдыруға болады. Алайда белгіленген шектің ішінде ғана қалдыру керек. Ең бастысы, тұрақ орны ЖҚЕ-ін бұзбауы тиіс, ал көлік қолжетімді болуы қажет.
Бұл қызмет түрі такси ретінде де, жеке көлік ретінде де тиімді. Тіпті қоғамдық көліктерге қарағанда анағұрлым ыңғайлы, тек кетеліссіз жолдармен ғана жүру керек. Себебі сіз үшін әрбір минут тіпті секунд ақша болып табылады. Егер кептеліске босқа уақыт жоғалтқан болсаңыз біраз ақшаны да босқа жоғалттым деп ойлай беріңіз.
Сіз Anytime қызметін пайданатын болсаңыз көлікті жууға қаражат жұмсамайсыз, әрі жанармай үшін тұтынушы емес, компания төлейтін болады. Егер көлікті жол жиегіне қойған болсаңыз, ақша төлеудің қажеті болмайды. Себебі бұл ақысыз.
Негізгі компанияның шарттарына келетін болсақ: қызметті пайдаланушының жасы 21-ден кем болмау керек. Сонымен бірге тұтынушының кем дегенде екі жылдық тәжірибесі болу керек. Тағы бір айта кетерлігі тұтынушының қолында қаражаты бар банк картасы болуы қажет.
Темір тұлпарды жалға алудың ең оңтайлы мезгілі — таңғы 6-дан 10-ға дейінгі аралық. Бұл кезде әр минут үшін 19 теңге төлейсіз. Яғни, егер үйден жұмысқа дейінгі аралық 30 минутты қамтыса, онда 570 теңге беру қажет.
Қалай десек те, әлемдік автокөлік нарығындағы осы бір үрдіс біздің өңірге де келіп жетті. Ендігі кезекте жалға көлік беріп табыс табуды мақсат еткен коммерциялық ұйымдар мен олардың қызметін тұтынушылар қауіпсіздік мәселесін басты назарда ұстауды ұмыт қалдырмағаны жөн.
Хадиша Ханқызы