Алматыда электронды таблолардың қашан пайда болатыны белгілі болды

/image/2022/03/16/crop-12_9_426x757_123542328500.jpg

Бүгін Алматы әкімдігінің қызметкерлері қалада қоғамдық көлік қозғалысының кестесін көрсететін электронды таблолар қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Ресми деректерге сүйенсек, электронды таблолардың салынуына әкімдік тарапынан ешқандай кедергі жоқ. Алайда мұны қала бюджетінен тыс қаражатқа орнатытылуы қажет. Жоспар бойынша алғашқы электронды таблолар Тимиряев көшесінің бойындағы BRT желісінде жыл соңына дейін пайда болады. Ал бұл істі Көлік холдингі өз жауапкершілігіне алған.

«Мегаполис әкімінің тапсырмасына орай біз бұл істі қала бюджетінен тыс қаржы есебінен орындаймыз. Сонымен бірге қаланың ірі тораптық аялдамаларын цифрлы таблолармен қамтамасыз ететін боламыз», деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов. -  200 мыңнан астам тұтынушы онлайн-режимде карта бойынша көлік қозғалысын «Оңай» қосымшасындағы QR-коды арқылы біледі. 360 мың белсенді қолдауншы  CityBus қосымшасын пайдалануда. 

Жыл соңында қоғамдық көлік бағытының нөмірі, жұмыс уақыты көрсетілген белсенді ақпарат ілінетін болады.

Қазіргі таңда Алматыдағы ең өзекті мәселенің бірі қоғамдық көлік. Жыл соңына дейін Алматыда жаңа көліктің үлесі 87 пайызға дкйін жетеді деп жоспарлануда. Тіпті өткен аптада қалаға 200 жаңа автобус келген.

26 қарашада Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке қалаға келген жаңа автобустар көрсетілген болатын. Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар №48 бағыт бойынша жүреді. Сонымен қатар №12, 19, 56, 70, 77, 123, 124, 137 бағыттар күшейтіледі.

26 қарашадан бастап  №36, 51, 125 бағыттағы ескі газельдердің орны­на жаңа автобустар жүре бастады. Аталмыш автобустар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы әрі тар көшелермен жүре алады. №40, 46,122 бағыттар да күшейтіледі.

Ескі әрі түтін шығаратын автобус­тар­дың қалада жүруіне рұқсат жоқ. Жеке тасымалдаушы компаниялар жылжымалы құ­рам­­ды жаңаламаса, олармен келісім бұзылады. Бұдан өзге, қоғамдық көлік сала­сына жаңа технологияларды енгізу мәселесі тұр. Болашақта бір көліктен екінші­сіне тегін ауысуды қарас­тырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қана­ғаттануы – тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет, – деп атап өтті мегаполис басшысы.

Қатысты Мақалалар