Индустрияландыру кез келген дағдарысты еңсеру құралы

/uploads/thumbnail/20170708174417533_small.jpg

Сонау 2009 жылы жаһандық дағдарыс алғаш басталған тұста осындай кері құбылыстың әсерімен күресетін тиімді тетік ретінде елімізде  Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қолға алынғаны есте. Тікелей  Елбасы Нұрсұлтан нзарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан бағдарламаның алғашқы бесжылдығының нәтижелері көңіл қуантарлық.  Бағдарлама қолға алынған алғашқы жылдары Елбасы: «Индустрияландыру – бүкіл қазақстандықтардың ісі. Өйткені, бұл күрделі жағдайды бастан кешіріп отырған жаһандық даму үдерісіндегі біздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін, даму мүмкіндігін айқындайтын маңызды шара», – деген болатын. Шындығында, бес жылдық белес ішінде біраз нәтиже айқындала бастады.

Мәліметтерге сүйенсек, бес жыл ішінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады, бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлдем жаңа 400 өнім түрі игерілді. Тау-кен өндіру саласының ІЖӨ-дегі үлесі 16,5 пайызға азайды. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70 пайызына жуығын өңдеуші сектор осы индустрияландырудың бірінші бесжылдығында иеленді. Бұдан бөлек, индустрияландырудың нәтижесінде 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қосылып, мүлдем жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады.

Сонымен қатар, Елбасының индустрияландыру саясаты арқасында өңдеуші өнер­кәсіптегі еңбек өнімділігі 60 пайызға артты, әрбір жұмысшы жыл сайын орташа алғанда бағасы 20 мың доллардан артық өнім шығара бастады. Бұрынғы Кеңестер одағынан қалған зауыттар қирандыға айналып, қаңырап бос қалған жоқ, керісінше заман ағымына сай жаңғырып, жаңа өнімдер шығара бастады. Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанға қадам басты. Нарыққа «Airbus», «General Electric», «Alstom», «Eurocopter», «Toyota», «Ssang Yong», «LG» секілді әлемге танымал компаниялар енді. Олар бірлескен қазақстандық өнімнің нарыққа жол ашуына өз септіктерін тигізіп те келеді.

Осы бес жылдықта отандық құрылыс материалдарын шығару ісі де қарқын алды. Есте болса, оны өткен жылыдң соңында Индустриалдыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та баса айтқан болатын.  «Индустрияландырудың бесжылдығында отандық құрылыс материалдары 2 есеге артты. Қазір біз құрылыс мате­риал­дарының 80 пайызын өзіміз шығарып келеміз. Ал біз осы жұмысты қолға алғанда ол көрсеткіш бар-жоғы 15 пайыз ғана еді. Цемент өндірісі екі есеге артып, 4 млн. тоннаға жетті. Біз осындай өндіріс болғаннан кейін ғана «Нұрлы Жол» жаңа бағдарламасын айқындадық. Әйтпесе, онда айтылғандарды немен салатын едік?» – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев. Мұнан бөлек, индустриаландырудың алғашқы бесжылдығында үнемдеу мәселесі де жолға қойыла бастады. Мәселен, экономиканың энергия қамтымдылығы осы жылдар ішінде 19 пайызға жуық төмендеген. Бұл ғана емес, индустриаландыру аясында инфрақұрылым базасы кеңейіп, 4 мың шақырымнан астам автожолдар, 1700 шақырым теміржолдар салынды. Экономиканың машина жасау, мұнай өңдеу, электр энергетикасы секілді жаңа ірі салалары пайда болды. Қазақстанға әлемнің ірі индустриялық алпауыттары – Airbus, General Electric, Alstom, Eurocopter, Toyota, Ssang Yong, LG және басқалары келді. Қазақстанның титаны қазірдің өзінде еуропалық Airbus авиақұрастырушы концерні сұранысының 15 пайызын өтеуі – айтарлықтай көрсеткіш. Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында машина жасау саласында теміржол вагондарын шығару 10 есеге, дизельдік локомотивтер 2,5 есеге артқан. Осы бес жыл ішінде отандық автоөндірісте жеңіл автокөлік шығару 12 есеге, тракторлар 6 есеге көбейген. Ал мұнай қондырғыларын шығару бұған дейінгі көрсеткіштен 3 есеге өскен. Ауыл шаруашылығы саласы да жоспарлы түрде дамып келеді. Мәселен, агроқұрылымда 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 50 пайызға артқан. Ал өнеркәсіп жылыжайларының алаңы осы жылдар ішінде 3 есеге өскен.

Тұтастай алғанда осындай басты көрсеткіштер индустрияландырудың бірінші бесжылдығында орын алды. Енді осы бағыттағы шаралар одан әрі орнықты бол түссе, онда қандай болса да дағдарысты лайықты еңсеруге Қазақстанның күш-жігері толық жететін болады.

Қатысты Мақалалар