Статистикалық ақпараттарға сүйенсек, бір жылда ұрланатын ұялы телефондардың тек 10-нан 20 пайызға дейінгісі ғана өз иелеріне кері қайтарылады екен. Мұндай ұсақ құқықбұзушылықтарды арнайы орындар қарап, толыққанды зерттемейді де...Ал ұрланған телефондардан бизнес жасап отырғандардың жасырын ордасы әлі күнге бар. Ақыр соңында бәріне кінәлі өзіміздің мұқият қарамауымыз себеп болады. Көбінесе, осындай жағдайларда не істеу керектігін білмегеннен мәселе оң шешімін таппай қалып қоя береді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына заңгердің жеке блогында жариялаған кеңестерін ұсынады.
Ұялы телефон ұрлау әлі күнге дейін кең таралған қылмыс түрі болуда. Әрбіреуімізде телефоны ұрланған танысымыз бар, немесе өзімізде де ұрылардың құрбаны болдық. Бірде, инстаграмдығы бір оқырманым маған Алматылық автобустардың бірінде күнде таңертең қалталы ұрыларды көретінің айтқан болатын. Автобустың күнделікті жолаушылары олардан қорқып үндемейді екен. Ал, олар болса ақшасын алып базарға бара жатқан халықты тонайды. Айтқым келгені ұрлықтың жайылуы тоқтар емес. Соның ішінде телефон ұрлығы. Егер сіздің телефоныңыз ұрланса, қандай шараларды қолдану керек? Көбіміз, "табыла қоймас", оны "кім іздейді" деп полицияға арыз жазбаймыз. Жазсақ та тергеушінің берген қағазын толтырып, сол істі қоя саламыз. Осы видеода мен сіздерге қалайша полицияға сіздің телефоныңызды табуға барлық шараларды жасату керектігі жайлы айтамын. Ең бірінші шара бұл полицияға арыз жазу. Бұл ең маңызды құжаттардың бірі. Арызды үйде, қолайлы атмосферада жазып, онлайн жібергеңіз дұрыс деп санаймын. Полицияға онлайн арыз жазу туралы видеоға төменгі сілтеме арқылы өте аласыз. Ал, егер онлайн жазу сізге қиын болса, үйде парақ бетіне арызыңзды жазып алып, кейін полицияға барғанда сол жазғандарыңызды қайталап берсеңіз болады. Назар аударатын жағдай, өкінішке орай полиция қызметкері сіздің жағдайыңызды ұрлыққа емес, кәдімгі жоғалтуға бұрып жазуға тырысады. Себебі, кезекті шешілмейтін іс олардың құрғыр статистикасын құртады-мыс. Сондықтан да, арызда барынша мән жайды ашып, сіздің телефонды жоғалтпағаңызды, оны біреу ұрлап кеткендігін, немесе оны ұрлаған деп санауға негіз бар екенің жазыңыз. Сізден арыз қабылдағанда тергеуші оны өз қолымен жазса, оны ерінбей тексеріп алыңыз. Себебі, сіздің сөздеріңіз бұрмалануы мүмкін. Ал, егер сіздің арызыңызды жоғалту деп, қылмыстық істі қоғамай қойса, тергеушінің бұл шешіміне қылмыстық процесттік кодексінің 105-ші бабы бойынша прокуратураға немесе 106 бабы бойынша тергеу сотына арыз жазыңыз. Арыздың нұсқалары видеоның астындағы сілтемеде бар. Тағы да қайталаймын, қарапайым өзіңіз жазған шағым емес. 105, 106-баптары бойынша шағым. Мысалға сіз сауда орталығында немесе таксиде телефоныңызды қалдырып кетіп, оны біреу алып кетсе, бұл жағдайды полиция жоғалту деп танып іс қозғаудан бас тартады. Полицияның бұл шешіміне шағым түсіріңіз. Жоғалту деген ол сіз орманда жүріп телефоныңызды құлатып алсаңыз. Ал, сауда орталығында стол үстіне қалған телефонды біреу ұрлық нитеімен алғындығының ықтималдылығы өте үлкен. Қылмыстық іс қозғалған соң келесі істейтін қадам ол тергеушіні жұмыс істету. Иә, тағы бір өкінішті жағдай ол біздің полицияда жұмыстың бастан асуы. Сондықтан да, оларды жұмыс істетіп отыру керек. Ол үшін біз келесі алгоритмді қолданамыз. Бірінші тергеу әрекеттерін жасау жайлы өтініш хат, яғни ходатайство беру. Екінші, ол тергеу әрекеттері орындалмаса 106-бап бойынша арыз. Қылмыстық іс қоғалғаннан кейін, дереу оның қайда екенің анықтауға бағытталған тергеу іс әрекеттерін жүргізу туралы ходатайство жіберіңіз. Оның үлгісі де сілтемеде бар. Егер үш күн ішінде жауап алмасаңыз, дереу 106-бап бойынша арыз жазыңыз. Үлгісі бар. Қандай тергеу әрекеттерді жүргізу нақты сіздің жағдайыңызға байланысты. Дегенмен барлығына ортақ келесі әрекеттер бар:
Телефонның орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын, соның ішінде арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу. Телефон ұрланған жерлерен видеобақылау камераларының мәлеіметтерін алу. Ұрлық барысын көрген куәгерлерді іздестір мен олардан жауап алу. Мысалы телефон сауда орталығында ұрланса оның қызметкерлері, күзетшілері, автобуста ұрланса кондуктор және тағы да басқа. Сіздің жазған өтінішхатыңызға тергеуші үш күн ішінде жауап беріп, оны қанағаттандыру жайлы қаулы шығару қажет. Егер қаулы қанағаттандырылмаса оған тағы да,105, 106 баптар бойынша шағым түсіре аласыз. Қаулы қанағаттандырылып, тергеуші тапсырма бергеннен кейін, сіздің телефон арнайы құрылғылар арқылы тексеріліп, оның орналасқан жері анықталады. Бірақ тексеріс жүрген кезде телефон көрінбеуі де мүмкін. Сол себепті оны үнемі қарап отыру керек. Ал енді терегуші осындай тексеріс жүргізіп отыру бойынша тапсырма бергенде ол үнемі қаралып отырады ма немесе бірақ рет қаралып, қайта тексеру үшін тағы тапсырма керек пе деген сұраққа, мен осындай істермен айналысатын полициядаға достарымнан нақты жауап алмадым. Сондықтан да, уақыт ара, ең дұрысы аптасына бір рет тергеушіге, телефонның орналасқан жерін анықтауға бағытталған арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу туралы тапсырма беру жайлы өтінішхат жіберіп тұрыңыз. Осы аталған шараларды қолдансаңыз телефон табылу мүмкіндігі арта түседі.
Ержан Болатбектің massaget.kz-тегі жеке блогынан
Пікір қалдыру