Біз өзіміздің оңбай сүрінгенімізді сезбей қалдық. Қазақ қоғамы ұлттық сана сезімінің ұшқырынан таюға бір қадам жетер жетпесте тұр десек, қалт кетпеспіз. Арзан хайптың кесірінен, ғайып болуға айналдық. Айтқандай, құттықтап қояйын, шет елдің қазақты соғыссыз жаулау саясаты бел қарқынынан асты. Тіпті олар ойлағаннан едәуір тез сынып бөлініп барамыз. Өзіміздің ішкі түбірлі дәнегіміздің қандай екенін аянбай дәлелдедік. Сынғыш, көңгіш, еліктегіш , бұққыш т.б ары қарай тоқтаусыз кете береді .
Шәкәрімің "Адам немене" өсиетті өлеңін теріс оқып, санаға ілуге асықпаппыз.
Европа бiлiмдi жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.
Терең ойлап сөзiмнiң түбiн бiл де,
Iштен жыла, шырағым, сыртпен күл де.
ХХ - ғасырдың басында жарықтық айтуын айтып - ақ кеткен екен тайға таңба басқандай, олар айуандықтан арылмаған деп . Біздің салт басқа, ұстаным қасқа. Оны біз сорлы терең ойламай саяз ойлаппыз, айтқанның түбіне үңілмей сыртында айналып жүре беріппіз.
Соңғы кезде киелі қазақ жерінде небір сорақы хайптар орын алып, саналы қазақтың қабырғасын қайыстырмай қоймады. Мұның түпкі ұстанымы "хайп", жалпы қазақы түбірі "атың шықпаса, жер өрте" болса, өрімдей жас буын оны сәнге айналдырды, Онымен қоса күннен - күнге жаңа сайқымазақтар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап барады. Ең кесепаты, бұған енді тоқтау жоқ . Бірі сөнсе , бірі тозақтың отындай лаулап шығуда.
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып бос шатаққа.
Анау қу, мынау пысық, мен батыр деп,
Айналды бірін-бірі құрытпаққа.
Шәкәрім қажының мына ұлағатты сөздері жараның беті әлі жазыла қоймаған өрескел жас буынның, яки "түбі қазақты һәм жерді қорғайды" деген арттан ерген ұрпақ бір - біріне жау бола қырып тастауға дайын екенін дәлелді түрде бейнежазбаға түсіріп көрсеткеніне келіп тұр. Осының барлығы қасақана телефонға түсіріп, аталмыш шеттен келген дерт " хайп " үшін жасалуда. Кешегі ұлттық құндылығымызды масқара қылып шешінген қыз, ол да хайптың тікелей құрбаны. Жә, болар іс болды, бояуы сіңді дейтін қазақ кімді кінәлар екен ? Мұның алдын қалай алмақпыз немесе үкімет қайда қарап отыр ? Қазақтың ішкі саясат жүйесінің ешбір қимыл ісі шөп арасында жоғалған инедей көрінбейді. Қазақтың бір сөзі бар ғой, "Не болды, сонша зарлап, адам өлгендей" деген. Күні кеше Ақтөбеде мектеп оқушылары пышақпен бірін -бірі өлтірді, әлі топырағы да суыған жоқ. Жалпы жағдай мәз емес ағайын-бауырлар. Әсте, бұған қоғамның да әсері баршылық. Біз өзімізді оңтайлы бағытта емес екенімізді мөлдір судай анық біліуіміз қажет.
Осы күнге дейін қазақ жерінде хайп үшін ұлттық құндылықты масқаралық еткен, дінді таптап, ділге сын келтірген, кешегі әлімжеттік көрсеткендердің бірде-біреуі қазіргі тұрғыда өз істеріне өкініп отырған жоқ. Міне, біздің қателік қайда қалды?!
Шетелдің ғылым - өнерін емес , хайпын алып түбегейлі ғайып болып кетпейік бауырлар!
Ұлт жанашыры Дастан Әбдірахманұлы
Соңында Шәкәрім қажының " АДАМ НЕМЕНЕ ? өлеңін дұрыс оқып , тереңінен түсінейік деген ниет білдіргім бар .