Өзі сөйлеп тұрған сурет!
...Қоғамды есеңгіретіп кеткен бес бала, бес періштенің қазасы қабырғаны қайыстырды. Әлеуметтік желі де әлеуетін көрсетті. Басқа бермесін, бұл жағдай биліктің халықтың қарапайым тұрмысынан мүлде бейхабар екендігін көрсетті. Ашынған халық, алаңдаған аналар, аһ ұрған ақын... Қайтсек, тұрмысымыз түзеледі?! Қашан билік халқына қарайлайды? Шылқыған шикізат пен берекесі тасыған байлықтың үстінде отырып неге кедейміз? Кім кінәлі?
Жұрттың жанайқайын кім естиді? Ақынның алабұртқан ащы запыранға толы жырын биліктегілер тыңдай ма? Журналистің жанайқайын кім назарға алады? Бес періште өлген соң атқарушы биліктегілер енді қозғала бастағандай. Ана мен мен баланың тұрмысын түзеу үшін міндетті түрде біреу өлу керек пе?
Өрттен. Ыстан. Иістен... Астанада өлім... Қызылордада қаралы оқиға... Баянауылда да бақилық болған бір отбасы. Семейде тағы өрт шықты. Бір адам тағы құрбан. Қашан тоқтайды? Адам өлімінен кейін ғана бұқараға бет бұрған биліктің әрекетіне көңілің тоқ па, бейбақ?!. Құрбан болмау үшін құрбандық шаламыз ба, қайтеміз?
Қазақстанның қыруар байлығымен бар-жоғы 18 миллион халықтың жағдайын баяғыда-ақ жасап қоюға болар еді. Амал нешік?! Байды байытқан, кедейдің сіңірін шығарған жүйе, бұл! Қара халықтың да көшесінде той болар.
...Карикатуралық картиналарымен талай халықаралық бәйгелерде олжа салған әріптесім Ғалым Смағұлдың қоғамның шынайы көрінісін бейнелеген суретін көргендегі ой еді, бұл!
Пікір қалдыру