"Көп адамға қызық пен шу керек, ал Сайрагүлдің өз тағдыры тек өзінде".

/uploads/thumbnail/20190208150253137_small.jpg

"Тағдыры қыл үстінде тұрған Сайрагүл Сауытбайды қалайда елде қалдыруға күш салмасақ болмайды.


Бұл жерде айрықша ескеретін бәр әңгіме – оны білікті заңгер, өз ісінің маманы Абзал Құспан қорғауына алды. Алғаш рет Abai.kz порталында мықты жорналшы Нұргелді Әбдіғани ініміз арқылы күллі елге белгілі болған бұл оқиғадан ұпай жинап қалуды көздеген топтар, ішінара шоумен «журналистер», «ұлтшылдар» пайда болды да, онсызда қатып тұрған Сайрагүлдің басын шыр айналдырып жіберді. Олар үшін атақ жинаудың бір орайлы сәті осы еді.


Сонымен қатар, айқайға аттан қосатын кей пысықтар «жергілікті қазақ», «оралман қазақ» деп онсызда қырық пышақ ел ішін одан әрі бүлдірді. Ұлттық бірлік болмаған жерде ненің жеңісі, ненің дамуы?..


Басқасы басқа, Сайрагүлге ең керегі – жұрттың қолдауы мен мықты заңгердің көмегі, біздің сот пен сыртқы және ішкі істер органдарының адами шешімі.


Өз басым Абзалға бек сенемін. 2017 жылы елді елеңдеткен Зайсан шекарасындағы Гүлжан апайдың 60 мың долларын тәркілеп алу оқиғасы кезінде етене жұмыс істедік. Көк тиын алмай 8 ай бойы тегін көмек көрсетіп, сот отырыстарында заң аясында сәтті тактикалар қолдана отырып, жеңіп шықты. Гүлжан апайдың ол ақшасы негізі «қоржынға» түсіп кеткен болатын.
Әр топтардың кезек-кезек тікелей эфирге шақыра бергеніне көне бермей, Абекеңмен сәйкесе күресуі керек.


Қысқасы, көп адамға қызық пен шу керек, ал Сайрагүлдің өз тағдыры тек өзінде.
Оған біздің қолдауымыз көп керек. Шырылдаған әйелді тобырлық сананың құрбаны етіп алмайық".

Ұларбек Дәлейұлының Facebook-тегі парақшасынан алынды

Айта кетсек, "Алматы облыстық полиция департаментінің көші-қон басқармасы Қытайда “қысым көрдім” деп мәлімдеп, шекараны заңсыз кесіп өткені үшін сотқа тартылған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға берілген "пана іздеуші тұлға" куәлігінің мерзімін тағы үш айға ұзартты. 28 қаңтар күні облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының өкілі Елмұрат Нұрсейітов табыстады. Оның сөзінше, 25 қаңтарда мерзімі аяқталған куәлік 25 сәуірге дейін ұзартылды", - деп хабарлаған болатын  Азаттық радиосы.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар