Шымкенттік "Замана" газетінің авторларының бірі Қазақстанның жаңадан сайланатын президентіне ант қабылдау рәсімінде Құранға қолын қойып тұруды ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Total.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ант қабылдау рәсімінде Конституциямызбен бірге Құран тұрса, халықтан ұялмағанымен Құдайдан қорқатын шығар. Өзін мұсылман санайтын азамат беліне көтере алмайтын шоқпарды байламайды, жасай алмайтын ісіне уәде бермейді. Ал егер уәде берсең, орындауың шарт", - делінген жазбада.
Автордың айтуынша, Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімінде Конституциямен қатар Інжіл тұрған. Бұл дүние біраз адамның ойына өзгеріс әкелді.
–Біздің халықтың басым көпшілігі - мұсылмандар. Оның үстіне сайлау науқаны Рамазан айына тура келді. Қасиетті айда қасиетті кітаптың ант беру рәсімінде болуы - әділдікті, адалдықты, ашықтықты күшейте түсетін дүние, - деп түйді сөзін автор.
Ол депутаттардың айтқан сөзін келесі күні ұмытып қалатынын айтып, күйініш білдірді.
Пікір қалдыру