Мемлекет басшысы Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметінің дерегін негізге алып.
«Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елдімекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.
Пікір қалдыру