Қазақстандағы саны жағынан ең көп жалдамалы қызметкерлер – орта мектеп мұғалімдері мен бухгалтерлер, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылы республикада жалдамалы қызметте істейтін 6,6 миллионнан астам адам тіркелген, олардың 3 млн 383 мыңы – ер адамдар және 3 млн 328 мыңы – әйелдер.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының дерегіне сәйкес, мектеп мұғалімдері – ең сұранысқа ие мамандық болып cаналады. Белгілі болғандай, әрбір 20-жалдамалы қызметкер жалпы білім беретін оқу орындарында жұмыс істейді. Жалпы саны 352,2 мың адам қазақстандық балаларды сауаттылыққа үйретеді.
Кәсіптердің жаппай рейтингісінде келесі орынды бухгалтерлер жалғастырды. 268,2 мың адам немесе әрбір 25-жалдамалы қызметкер күнделікті жалақы, салықтар, шығындар мен пайданы есептейді.
Үштікті супервайзерлер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілері түйіндейді, олардың жалпы саны – 256 мың адам.
Жалдамалы қызметкерлердің ең сұранысқа ие мамандықтарының ондығына жеңіл автокөлік, такси және фургон жүргізушілері – 236,6 мың адам; күзетшілер – 219,7 мың адам; кеңсе қызметкерлері – 139 мың адам; орта медициналық қызметкерлер – 128,8 мың адам; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері – 119,2 мың адам; ауыл және орман шаруашылығының, балық өсіру және балық аулау саласының біліктілігі жоқ жұмысшылары – 113,4 мың адам; жүк автокөліктерінің жүргізушілері – 105,6 мың адам кірді.
Жалдамалы қызметкерлердің жаппай кәсіптері рейтингінің 20-орнында «Б» (1) корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері – 77,5 мың адам орналасты. Отызыншы орынды жарнама, маркетинг және жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар иеленді. Бұл салада 46,4 мың адам жұмыс істейді.
Ең сұранысқа ие мамандықтардың жүздігін электриктер мен электромонтаждаушылар (электр беру желісінен басқа) тәмәмдайды. Бұл жұмыс түрімен 15,9 мың жалдамалы қызметкер айналысады.
BAQ.KZ
Пікір қалдыру