Алдамен микро және шағын бизнесті табысқа салынатын салықтан 3 жылға босатуды тапсырылды. Сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегерілді.
Жолдау жарияланған жиында президент бизнеске бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды тапсырды. Бұл міндет Есеп комитеті мен Қаржы министрлігіне жүктелді.
"Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беріп, жұмыссыздықты азайтады. Сондай-ақ, жаппай кәспікерлікті дамыту – санаға сіңген патроналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсетеді. Ұлттық қордан 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр. Шын мәнінде жаңа жобалар бойынша компаниялар құрылып, жұмыс орындары ашылуы керек еді. Бірақ, жергілікті әкімдер ұйымдастыру жұмыстарын талапқа сай орындамаған. Соның салдарынан салық және зейнетақы төлемдерін арттырып, жергілікті бюджетті нығайтуға жағдай жасалып отырған жоқ", – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Сондай-ақ Қ.Тоқаев бизнестің дамуына кедергі келтіру – мемлекетке қарсы қылмыс жасаумен бірдей екенін айтты.
"Шағын және орта бизнеске қатысты рейдерлік жиілеп кетті. Менің бұл мәселе бойынша ұстанымым айқын. Бизнестің дамуына, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіруге бағытталған кез келген әрекет мемлекетке қарсы қылмыс ретінде қаралуы керек. Осыған байланысты заңнамалық тұрғыда қосымша шаралар қабылдау керек. Парламент пен Үкімет бұл мәселені шешудің жолын ұсынуы қажет. Сонымен бірге, көлегейлі экономикаға қарсы іс-әрекетті күшейтіп, капиталды сыртқа шығаруға және салық төлеуден жалтаруға қарсы күресті қатаңдату керек», – деді Президент.
Пікір қалдыру