Бүгін ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Біз осыған орай түркітанушы, қоғам қайраткері, қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Алаш арысы, қазақ тіл ғылымының атасы Байтұрсынұлының ұлтқа керекті ұлы ойларын ұсынып отырмыз.
***
Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады
***
Сөздің ең ұлысы – тарих.
***
Қазақтың бас адамдары! Әуелі сіздер адаспаңыздар: адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер!
***
Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал - сауабына сіздер қаласыздар.
***
Жерді жалдаудан тартынбағандар – сатудан да тартынбайды.
***
Көсемдер көбейсе – ерушілер де көбейер еді.
***
Әркім өз білгенін, өзінің қолынан келетінін істеу керек
***
Жер мәселесі – қазақтың тірі, я өлі болуының мәселесі.
***
Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!
***
Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
***
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
***
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
***
Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап, тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әліпби де қолайсыз. Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби қолайсыз болады.
***
Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.
****
Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.
***
XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.
***
Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір.
****
Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.
***
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі
Пікір қалдыру