Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан "Агентство "Хабар" АҚ бас продюсері болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мен Ерлан Бекхожиннің осы лауазымға қабылдау ұсынысына келістім. Ресми тағайындау күні бұйрыққа қол қойылғаннан кейін белгілі болады", - деді Сәтжан.
Динара Сәтжан - қазақстандық журналист, тележүргізуші, fashion-продюсер, қазақстандық мультибренд дүкендер желісінің иесі, сондай-ақ Dinara Satzhan Fashion Group брендінің иесі әрі блогер. "Хабар" телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болып кеңінен танымал болды.
"Қазақстан аруы-2008" байқауының жеңімпазы, "Статус QUO" және "Sky Студия" бағдарламасының авторы және жүргізушісі. 2017 жылы "Қазақстан" ТРК Басқарма төрағасының кеңесшісі ретінде Qazaqstan Ұлттық телеарнасының ребрендингімен айналысты.
2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Астанадағы Kazakhstan Fashion Week жобасының серіктесі болып табылады. "#Динара Сәтжанмен Немишлен" жобасының авторы және жүргізушісі.
Пікір қалдыру