Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Виктория Шегай 1981 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Мирас университетін және Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-та есеп айырысу операциялары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2004–2017 жылдар аралығында аталған қордың түрлі құрылымдарында жетекші маманнан бастап департамент директоры лауазымына дейінгі қызметтерді атқарды.
2017–2018 жылдары — "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-да штаттан тыс қызметкер болды.
2018–2022 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінде басқарма басшысы, кейін департамент директоры қызметтерін атқарды.
2022–2023 жылдары — министрлікке қарасты "Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК-да аға ғылыми қызметкер және реттеу саясаты секторының басшысы болды.
2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры қызметін атқарды.