Экс-әкім Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды

/uploads/thumbnail/20250520120141318_big.webp

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты үкімет растады. Ол өнеркәсіп және құрылыс салаларына жетекшілік етпек.

Ұранхаев бұған дейін бірқатар техникалық және экономикалық жоғары оқу орындарын тәмамдаған. 2022 жылы президент Тоқаев оны жаңадан құрылған Абай облысына әкім етіп тағайындаған болатын. Енді ол орталық биліктегі жаңа қызметке келіп отыр.

Қатысты Мақалалар