Қазақстанның сыртқы саудасында Қытай екінші орынға шықты

/image/2019/09/11/image001.jpg
 

Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда елдер арасындағы сауда 31,2 пайызға өскен. Жыл басынан бергі 7 айда Қытайға сатылған тауар бағасы 4,6 млрд долларды құрады. Аталған цифрлар 2018 жылғы көрсеткіштен бір жарым есеге артық. Ал Қытай импорты өткен жылғыдан 14,2 пайызға жоғары. Ресми дерекке сай, Қазақстан Қытайдан 3,4 млрд долларға тауар сатып алған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 365info.kz сайтына сілтеме жасап.

Әдеттегідей, Қазақстан экспортының негізін шикізат құрайды. 2011-2016 жылдары экспортталған тауарлардың басым көпшілігі мұнай болған еді. 2017 жылдан бастап сұйық отын көлемі қысқарып, алғашқы орынға мыс шыға бастады. 2019 мыс кені толықтай көшбасшылық орынға жайғасты. Қазақстан 7 айда Қытайға 1,2 млрд доллардың мысын экспорттаған. Қытайға мыс сату осымен төртінші жыл қатарынан артып келеді. Сондай-ақ биыл тау-кен саласының өнімдерін экспорттау да жоғары өсімге ие.

Ал Қытайдан елге кіретін тауарлар түрі әралуан. Жыл басынан бері 841 тауар түрі импортталған. Импорттық тауарлар арасында телефон мен есептеуіш техника жетекші орында. Бірақ оларға деген сұраныс біртіндеп төмендеп келеді. Бұл Вьетнам мен Үндістан сынды нарықтардың елге енуімен түсіндіріледі.

Сонымен қатар қытайлық компьютер, ноутбук, планшет сынды аппараттарға да сұраныс 20 пайызға дейін төмендеген. Бұған себеп Ресей мен Чехиядан келетін импорт көлемінің артуы. 

Есесіне қытайлық ойыншықтар мен аяқ киім экспорты еселеп өсуде. Резина мен пластмасадан жасалған үлгілер 88,6 млн долларды құраса, аяқ киіп бұйымдарын әкелу 44,8 млн долларға жеткен.

Ойыншықтар ішінде үш дөңгелекті велосипедтер, қуыршаққа арналған арбалар, қуыршақтардың өзі, самокаттар, педальді автокөліктер, басқатырғыш ойыншықтардың үлесі басым. Бұл саладағы импорт 79,6 млн долларға жеткен. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі еседей жоғары.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар