Ұлылыққа бастаған «Ұлы даланың жеті қыры»

/image/2019/09/22/crop-7_3_473x625_uly-dalanynh-dgeti-qyry.jpeg

Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ата-бабаларымыздың әлемдік өркениетке қосқан үлесіне кеңінен тоқталып кетті. Елбасымыздың «бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек» деген қанатты сөзі, тарихымызды қайтадан жіті зерттеуімізді меңзеп отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Баршаға мәлім, тарихи зерттеулер белгілі бір ғалымның жазған еңбегі екендігі сөзсіз, алайда, кейбір еңбектер саяси қате кетпеуді көздеп зерттелетіндігі айқын көрініп тұратындығы баршамызға мәлім... Осы орайда, Алаш қозғалысының жетекшісі, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады. Дүниеде өзге жұрттар қатарында қор болмайын, «тұқымым құрып қалмасын» деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып, білуге тиіс болады», –деген өсиет қалдырған. Яғни, алаш партиясының басқа да мүшелері сол кезеңде ұлттық тарихқа зер салып, тарихи құнды еңбектер жазған.

Орта Азия алқабында, яғни оның кіндігі болып табылатын қазақ даласы, ежелден көптеген өркениеттердің ошағы болғаны туралы мәліметтерді, соңғы кездегі осы алқапта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлер мен қатар көптеген ғылыми жұмыстар дәлелдеп отыр.

Осы орайда түрткі болатын жайт, ол тарих қойнауында біздің ата-бабаларымызға қатысты әлі де болса ашылмай жатқан көптеген мән-жайлардың ашылмауы. Тарих туралы айтқанда, біздің тарапымыздан ең алдымен өткен дәуірді жан-жақты оқып және зерттеп, ғылыми көзқарас пен ой-толғаулардың ақиқат тұрғысында айтылуының қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, тарих өткен кезеңдерде болған фактілерді дәйектейді. Көне түркілер тарихы туралы айтқанда біз кейбір тарихи фактілерге зер салмаймыз, сонымен қоса ол тарихты кімдер жазды, қай ұлттың ғалымы жазды, оны жазған кім және оның қаншалықты дәлелді екенідігінің жадымыздан тыс қалып жатқандығы тағы бар. Расында, өткен әр күніміздің тарих қойнауына енетіндігі ақихат екендігі белгілі.

Зерттеу объектісінің бағыты Орта Азия аумағында қандай мемлекеттер болғанына тоқталмай, тек қана діни нанымдар мен дін тарихына тоқталғанды жөн көрдік. Жалпы түсінік бойынша, «дін дегеніміз - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады».

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар