Маңғыстау облысында жол салуға жұмсалған қаржы бақылауда болады

/image/2019/10/01/crop-131_8_1363x1817_082446047200.JPG

Тәжірибе көрсеткендей, нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.

Алайда, көпшілікке мәлім, бүгінде елдегі жолдардың сапасы «проблемалық аймақта» және үнемі халықтың назарында.

Соңғы бес жылдың өзінде республикалық бюджетке сәйкес автомобиль жолдарын салуға, қайта құруға және күтіп ұстауға шамамен 1,8 трлн. теңге бөлінген (2014 жылы - 286 млрд. теңге, 2015 ж. - 347 млрд. теңге, 2016 ж. - 389 млрд. теңге, 2017 ж. - 434 млрд. теңге, 2018 ж. - 378 млрд. теңге).

Сонымен бірге, осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына қарамастан, олардың іс жүзінде іске асырылуы әрдайым үмітке сай емес.

Нәтижесіде, Дүниежүзілік экономикалық форумның 2018 жылға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне сәйкес Қазақстан жол сапасы бойынша әлемнің 140 елінің ішінде тек 106 орынды иеленді. (2015 ж. - 107/140, 2016 ж. - 108/138, 2017 ж. - 115/137).

Бұл жағдай осы салада жобалық басқару принциптерін енгізуді қажет етті.

           Осы орайда, автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді.

    Облыста «Сапалы жол – Адалдық  алаңы»   жобасы аясында                               ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кешенді мониторинг  жұмыстары жүргізілді. Шара «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Ақтау қаласы бойынша филиалы, бұқаралық ақпарат құралдары және Арнайы мониторингтік топ өкілдерінің қатысуымен өтті.     

 Мониторинг барысында Жаңаөзен –Сенек және Жыңғылды – Шайыр - Шерқала автожол құрылысының  сапасына бақылау жұмыстары жүргізілді.

         Нәтижесінде, жол сапасының  құрамы мен стандарттарға сәйкестігін анықтау барысында жол сынамалары арнайы зертханаға тексеріске берілді. Аталған жұмыс өңірдің барлық жол салу нысандарында жүргізіледі.

Сондай-ақ, департамент мамандары қатысуымен жүргізілген тексеруде жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тиеген фактілері анықталған.  БАҚ өкілдерінің қатысуымен мониторинг  мониторинг барысында Жетібай-Ақтау тас жолында Жетібай карьерінен алынған тас тиеген  жүк көлігі ұсталған. Тексеріс барысында бұл көліктің құжаттарының дұрыс еместігі, сонымен қатар бұл көліктің нормаларға сай емес, яғни жүгінің көп болуы анықталды. Соған байланысты жүргізушіге және мекеменің басшыларына қатысты әкімшілік-құқықтық хаттамалар толтырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар