Жаңаөзенде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық спорт фестивалі өтті

/uploads/thumbnail/20250908194138841_big.webp

17 мамыр күні Ә. Тұяқов атындағы орталық стадионда Жаңаөзен қаласында алғаш рет Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дзюдо, грек-рим және еркін күрес бойынша республикалық спорт фестивалі өтті.

Ауқымды спорттық іс-шараға еліміздің 12 облысынан 600-ден астам спортшы қатысып, үш спорт түрінен – дзюдо, грек-рим және еркін күрестен өзара бақ сынады.

Ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев арнайы қатысып, тарихи мерейтойдың мән-маңызына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол мұндай деңгейдегі спорттық фестивальдің алғаш рет Жаңаөзен қаласында өтіп отырғанын ерекше атап өтті.

Қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев республикалық деңгейдегі спорттық іс-шараның Жаңаөзенде өтуі – қаланың әлеуметтік-спорттық әлеуетінің артқанын және спортқа деген қолдаудың күшейгенін көрсете түсетінін айтты.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік командалар мен спортшылар анықталып, жүлделі орындарға ие болғандарға медальдар мен кубоктар табысталды. 

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Жаңаөзен қаласының әкімдігі фестивальге қатысқан барлық спортшылар мен бапкерлерге алғыс білдіре отырып, болашақта да осындай ауқымды спорттық іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар