От жағушылар жалақысы 3 есеге артты

/image/2019/12/20/crop-12_3_394x525_koteln4-1024x400.jpg

Төменгі жалақы алатын от жағушылардың (кочегар) жалақысы желтоқсан айынан бастап үш есе өсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мектепте от жағушы болып істейтіндердің карточкасына желтоқсан айында үш еселенген жалақы түскен. Білім ошақтарының жылуына жауапты жандар мұндай тосын сыйға дән риза.

Шу ауданы Көктөбе ауылындағы Жамбыл орта мектебінің  от жағушысы Мұхамед Шаймерденовтың жалақасы күрт өскеніне өзі де таңырқай қараған.
Оның айтуынша, 3 күнде бір рет қана жұмыс істейді. Бұрын айына 39 мың, кейде 42 мың теңге жалақы алып келген. Желтоқсан айында оның карточкасына 105 мың теңге түскен. Үш еселенген жалақы оның өзге әріптестеріне де түсіпті.

Еске сала кетсек, жазда техникалық персоналдың және өзге сала жұмысшыларының жалақысын 30%-ға өсірген-ді. Олардың қатарында, кітапханашылар, орманшылар, әлеуметтік жұмыскерлер, аула сыпырушылар және де басқа техникалық персоналдар бар.

Самал Қожамжарова

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар