"Украина ұшағын Иран абайсызда атып түсірген": New York Times видео жариялады

/image/2020/01/10/crop-26_4_436x581__-p700.jpg

Америкалық New York Times 19 секундтық видео жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш видео Украина әуе компаниясының Boeing лайнерін зымыран атып түскен сәті болуы мүмкін деген болжам бар. 

Еске сала кетсек, "Украинанның әуе жолдары компаниясына тиесілі Boeing ұшағын Иран қарулы күштері абайсызда атып түсірді», деген ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты АҚШ президенті Трамп та мәлімдеме жасады. 

Трамп та Украина ұшағын Иран абайсызда атып түсірген деп болжам жасап отыр. 

Сәрсенбі, 8 қаңтар күні "Украина халықаралық авиалиниялары" әуе компаниясының Boeing лайнері Тегеран әуежайында апатқа ұшырады.

Бортта 167 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі болған. Олардың бәрі қаза тапты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар