Иран Украина ұшағына екі зымыран атқан (видео)

/image/2020/01/13/crop--4_21_375x667_crop-95_-1_501x667_airstrike.png

8 қаңтарда Тегеран (Иран) әуежайы маңында "Халықаралық Украина әуе желісінің" ұшағын екі зымыран атып түсірген. 14 қаңтарда әлеуметтік желіде тараған видеодан соны көруге болады. Видеоның фейк еместігін New York Times басылымы анықтады, деп жазды Азаттық Радиосы.

The New York Times @nytimes
 
 

Exclusive: Security camera footage verified by the New York Times confirms that 2 missiles, fired 30 seconds apart from an Iranian military site, hit the Ukrainian planehttps://nyti.ms/2ToOnG4 

New Video Shows Two Iranian Missiles Hit Ukrainian Plane

Security camera footage verified by The New York Times shows that two missiles fired 30 seconds apart took down Flight 752, killing all aboard.

nytimes.com
 
1,950 people are talking about this
 
 

Видеода екі зымыранның 30 секундтық үзіліспен бірінен соң бірі ұшаққа тигені көрінеді. Ұшақ әуеде өртеніп, бірнеше минуттан кейін жерге құлаған. Видео Ислам революциясы сақшылар корпусы базасынан бірнеше шақырым жерде орналасқан елдімекендегі үйлердің бірінің төбесінен түсірілген.

8 қаңтарда Украина авиакомпаниясының "Боинг-737" ұшағы  Тегеран әуежайынан көтеріле бере құлап, борттағы 176 адам қаза болған. Иран билігі өткен аптада ұшақты зымыранмен атқанын мойындады. Тегеран АҚШ-тан қарымта шабуыл күтіп отырған кезде жолаушылар ұшағын Американың қанатты зымыраны екен деп қателесіп атып түсірген. Ұшақ құлардан бірер сағат бұрын Иран Ирактағы АҚШ әскери базасын зымыранмен атқылаған еді.

 

 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар