Бүгін, 15 қаңтарда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесі төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстанның элоктрондық үкімет порталында жарияланды.
Асқар Мамин үкіметтің үкімімен директорлар кеңесінен шығарылған. Сондай-ақ президент көмекшісі Тимур Сүлейменов та директорлар кеңесінен кетті.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесіне жаңа мүше ретінде бұрынғы энергетика министрі, президент көмекшісі Қанат Бозымбаев келді.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі – Қазақстан үкіметі. Қор 2008 жылы елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған. 2017 жылдың желтоқсанынан бері қордың бақарма төрағасы – Ахметжан Есімов.
Пікір қалдыру