ІІМ изоляторда "жұмбақ жағдайда көз жұмған" 19 жастағы тұтқын өліміне байланысты түсініктеме берді

/image/2020/01/15/crop-20_4_528x938_crop-2_41_545x969_38c5f69c7629162822edaa3619aeffbf045fec34.jpg

Қазақстан ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитеті Алматыдағы тергеу изоляторында "жұмбақ жағдайда көз жұмған" Еркебұлан Нұрмыхановтың өліміне байланысты түсініктеме берді.

Комитеттің хабарлауынша, Нұрмыханов өкпе-жүрек ауруынан қайтыс болған. 

"Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, тұтқын өкпе-жүрек ауруынан қайтыс болған. Бұл факті бойынша қажетті тексеру жұмыстары тағайындалды" деді қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері. 

Олардың айтуынша, тұтқын Қылмыстық кодекстің 200 ("Көлік құралын заңсыз иемдену") және 192-баптары ("Қарақшылық") бойынша күдікке ілінген.

Бұған дейін 14 қаңтарда Алматының ЛА-155/18 тергеу изоляторында 19 жастағы Еркебұлан Нұрмыханов есімді тұтқын жұмбақ жағдайда көз жұмғаны хабарланған. 

Тергеу изоляторы дәрігерлерінің сөзінше, Нұрмыхановтың дене қызуы көтеріліп, оған анальгин және димедролдан укол салынған. Уколдан кейін тұтқынның жағдайы тіпті мүшкілденген, жедел жәрдем келгенге дейін өліп кеткен.

Ал туыстары тергеу изоляторы өкілдерінің сөзіне күмән келтірген. Олардың айтуынша, тұтқынның дәріге аллергиясы болмаған. Мәйітті тану үшін мәйітханаға барған кезде олар Нұрмыхановтың денесінің оң жағы, беті мен басы да көкпеңбек дақтарға толып кеткенін байқаған. Иығынан жараға ұқсас із білінген.

Нұрмыханов 14 қарашада екі айға қамауға алынған. 14 қаңтарда түрмеде отыру мерзімі бітуі тиіс болған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар