– Біз университеттерге талдау жүргіздік: 100 адам түседі, 800 адам бітіреді. Бұл студенттердің ауадан пайда болмайтыны белгілі. Сапалы білім беретін университеттер студенттерді ойланбастан шығарып жібереді. Ал, "шаңсорғыштар" бұл балаларды нарықтың әр түкпірінен жинап алады, содан кейін оларға дипломдар береді, – деді Білім және ғылым министрі.
Мұндай олқылықтарды шешу үшін дипломдар цифрланбаған.
– Біріншіден, біз "blockchain" электрондық дипломдарын (жүйесінде) шығарамыз. Екіншіден, біз тарихи ақпаратты цифрландырамыз. Шамамен, 1970 жылға дейін жетуді көздеп отырмыз. Бұл процессте біз көптеген проблемалық мәселелерге тап болдық, мәселен, біршама диплом шығарғандай болып едік, іске келгенде біз олардың іздерін еш жерден таба алмаймыз. Сондықтан біз университеттерге 1970 жылға дейін дипломдарды цифрландыру міндетін қойдық" – деді министр.
Осы тұста Аймағамбетов жақында ғана Шымкент қаласындағы үлкен универсиеттердің бірін жапқаны жайында айтты.
Оның айтуынша, соттың шешімімен сол университеттің лицензиясы қайтарып алынған. Онда 30 мыңнан аса студенттер оқып, бірқатар заң бұзушылықтар болғанын анықтаған. Сондай-ақ ол ЖОО университеттеріне талаптар күшейтілетінін айтты.
Пікір қалдыру