Ең төменгі жалақы артады

/image/2020/02/01/crop-82_18_502x669_caa80667a68ab431a46d08c9fac14058-896x627.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақыны 2023 жылға дейін 72 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды LS.

Министр Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бүгінде үкімет ең төменгі жалақыны көтеру бойынша жұмыстар жүргізуде.

– Ең төменгі жалақыны көтеру азаматтардың экономикаға қатысына байланысты. Егер орташа жалақы шамамен 224 мың теңге болса, ең төменгі жалақы 72 мың теңгеден аспауы тиіс. Яғни төменгі жалақы орташа жалақының шамамен 30 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта республикадағы ең төменгі жалақы 42,5 мың теңгені немесе орташа жалақының (181 мың теңге) 23,5 пайызын құрайды. Біз бүгін ең төменгі жалақыны кезең-кезеңмен арттырудың түрлі нұсқаларын есептеп жатырмыз. Неге есептейміз? Өйткені бюджет шығындары осыған байланысты. Өйткені, біз ең төменгі жалақыны көтергенде, онда барлық бюджеттік қызметкерлердің жалақысы да көтеріледі, – деді ол.

 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар