Коронавирустың өршуі әлемдік экономиканы түншықтыруда

/image/2020/02/01/crop-27_7_330x439_img-20200201-wa0013.jpg

Әлемдік брендтерге 2019 жылдың желтоқсан айының ортасында Қытайдан бастау алып, бірнеше елге тараған коронавирустың өршуі айтарлықтай кері әсерін тигізуде.

Эпидемия салдарынан қаржы нарығы тұрақтылықтан ауытқыған. Әсіресе Қытаймен шекаралас елдер шекара бақылауын күшейтіп, тауарларды жеткізуде күрделі проблемалаға ұшырауда.

Әлемдік атаулары бар америкалық компаниялар Қытайдың аумағында өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.

Олардың ішінде, "Apple" компаниясы да бар. Бренд басшылығы өз өнімдерін жеткізуді кешіктіргенін хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бүгінде 12 мыңға жуық адам вирус жұқтырып,  259 адам қайтыс болған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар