"Дүнгендер бірнеше жыл бұрын Масаншыда біздің туды өртеді"

/image/2020/02/08/crop-2_6_446x595_115034297100.jpeg

Қамшы тілшісімен сөйлескен Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракеме ауылының тұрғын Нұрлан Құдашбаев Масанчи ауылында тұратын этникалық дүнгендер бірнеше жыл бұрын Қазақстан туын өртегенін айтты.

– Бірнеше жыл бұрын Масаншыда біздің туды өртеді. Бүгінге дейін оларға ешқандай жаза қолданбады. Осылай сөйлеп, айтқан адамды қамап тастайды. Ал дүнгендер емін-еркін жүреді. Олардың бәрінде "жынды" деген бір-бір қағаз бар. Сонымен бірге ажырасқан деген анықтамасы бола тұра отбасымен бірге тұрады. Дүнген әйелдері жалғызбасты анамын деп ақша алады. Әрқайсысының екі азаматтығы бар. Қырғызстандық және қазақстандық төлқұжаттары бар, –  дейді Қаракемер ауылының тұрғыны. 

Ал дүнгендер оқитын мектепте сабақ беремін деген әйел адам олардың қазақ тілін менсінбейтінін айтты. 

– Оларға сабақ беремін. Дүнгендер "бізге өз тіліміз бен математикадан басқа ештеңе керек емес" дейді. Тіпті, қазақ тілі сабағына да қатыспайды. Менсінбейді, –  дейді атын атамауды өтінген мұғалім.  

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар