Қордайдағы қақтығыс кезінде ұсталғандардың барлығы босатылды

/image/2020/02/08/crop-291_326_436x581_whatsapp-image-2020-02-08-at-15.25.49.jpeg

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді, деп жазады "Хабар 24".

Аталған ақпарат құралының хабарлауынша, Қордай ауданы тұрғындары арасындағы қақтығыс кезінде Қордайда – 47 адам, Ауқатты ауылында – 44 адам  ұсталған.

Бұдан бұрын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордай ауданындағы жанжал кезінде 47 адам ұсталды деп хабарлаған.

Азаттық радиосы Жамбыл облысы әкімдігі өкілдерінің мәліметіне сүйеніп Қордайдағы изолятордан – 47 адам, Ауқатты ауылынан 36 адамның босатылғанын хабарлады. Бұны ауыл тұрғындары растап, "адамдарымыз түгел, бәрі шықты" деген.

Қордай ауданындағы тұрғындар арасындағы қақтығыстан 8 адам қаза болды. 127 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 39-ы оқ жарақатын алған. Тағы 43 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Жетеуі жансақтау бөлімінде. 5 науқас санитарлық авиация арқылы Алматы қаласына және біреуі Тараз қаласына, сонымен қатар 13 адам туысқандарының көмегімен көрші Қырғыз еліндегі Тоқмақ ауруханасына жеткізілген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар