Мәселен, «Kazservise» компаниялар одағы мәліметіне сүйенсеңіз, түстіктегі көршінің мұнай өндірісінде ОПЕК+ ұстанымын мүлде тыңдағысы жоқ. Яғни, қазіргі ОПЕК+ келісімі бойынша ұйым елдерінен биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне 1,7 млн.баррельге азайту ұсынылған.
Ал Путин үкіметі тәулігіне 2,2 млн баррелден азайтуға қарсы. Мұндай жағдайда Мәскеу тек қолданыстағы мәмілені ұзартуға ғана келісетінін, бұл ұстанымның өзгермейтінін жеткізген.
Ең қызығы, өз дәстүрі бойынша көршінің қабағын "танудан" жазбай келген Қазақстан осы ретте ОПЕК+ саясатын қолдайтынын ашық айтты. Бұл туралы Энергетика Министрлігі ресми мәлімдеме жасап хабарлаған болатын.
"Қазақстан ОПЕК+ елдерімен әріптестік қарым-қатынаста және әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру саясатын ұстанады" делінген министрлік баспасөз қызметі хабарламасында.
"Ұстану" демекші, мамандары мұндай түйіткілді мәселеде ОПЕК+ елдері уағдаластыққа келмесе, мұнай бағасы мейлінше құлдырауы мүмкін екенін айтады.
Осылайша, ОПЕК+ саясаты Қазақстан мен Ресейді ресми ұстаным тұрғысында қақ жарып отыр.
Пікір қалдыру