Қазақстанда коронавирус бойынша қауіпті елдердің тізімі жаңарды

/image/2020/03/08/crop-196_17_707x942_755834765699357.jpeg

Қазақстанда коронавирус бойынша қауіпті елдердің тізімі жаңарды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстан бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. 

Тізімнің А дәрежесіне ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея енген. Бірінші Б дәрежесінде Италия ғана қалды. Ал екінші Б дәрежесінде Германия мен Испания бар. 

Үшінші дәрежеге Гонконг, КХР, Швеция, Жапония, Таиланд, БАЭ, Франция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, САР кірді. 

Бұл мемлекеттерден келген азаматтар медициналық мекемелердегі 14 күндік карантин, үйдегі медициналық бақылау секілді емдеу шараларына бағынуы керек.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар