Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, бірінші науқас – 1998 жылғы студент қыз Стамбул - Алматы бағыты бойынша 15 наурызда ұшып келген. Екінші науқас - 1974 жылғы әйел Мәскеуден Алматыға 10 наурызда келген.
Осы сағатта Алматы қаласында – 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді.
Пікір қалдыру