Алматы облысында да коронавирус жұқтырған адам анықталды

/image/2020/03/21/crop-506_112_4337x5782_106395560-1582028145650gettyimages-1201647473.jpeg
Бүгін, 21 наурызда Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді" делінген министрлік таратқан хабарламада.
 
Осылайша Қазақстанда төртінші қалада коронавирус жұқтырған адам тіркеліп отыр. 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар