Алматы әкімдігі коронавирустық инфекция ошақтарының мекен-жайларын жариялады. Қазіргі таңда барлық аймақтар бақылауға алынды.
"Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында COVID-19 ошақтары орналасқан жерлерде азаматтардың қозғалысына шектеулер енгізілді" делінген хабарламада.
Қалада 2 жеке және 8 көппәтерлі тұрғын үйлердің 10 аймағы анықталды:
- Алтай ауданы, 1, 8;
- Жасқанат шағын ауданы, 86;
- Еңлікгүл, 34 А;
- Зенкова, 59;
- Достық, 162;
- Гоголь, 75;
- Сары-о, 234;
- Жарокова, 16;
- Желтоксан, 125;
- Байтұрсынова, 78/1.
Қала әкімдігі COVID-19 ауруы басталған аймақтарға ішкі карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Бұрын Алматыда барлық тұрғын үй кешендеріне карантин жарияланған болатын. Бұл шешім енді жойылды.
Сондай-ақ, Алматыда демалыс парктері коронавирусқа байланысты жабылды.
Пікір қалдыру