Тасмағамбетов: Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын

/image/2020/03/27/crop-75_23_518x800_1138160.jpg

Зейнет жасына толуына байланысты үлкен саясатпен қоштасқан Иманғали Тасмағамбетов зейнеттік демалыста "үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатқанын" айтты. Ол бұл туралы 27 наурыз – халықаралық театр күніне орай досы, белгілі режиссер, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекші Талғат Теменовке жолдаған құттықтау хатында мәлім етті. Хат мәтінін Талғат Теменов өзінің facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Жан досым Талғат! Қалайсың? Үй-іші аман ба? Бүгінгі Мерекелерің құтты болсын! Театр Күнін айтам.. Есіңде болар баяғыда сені ТЮЗ-ға басшы боп бар дегенде ат тоныңды ала қашып ең.. Енді бүгін театр екінші үйің болды.. Саған театрдың пайдасы тиді.. Сенің де театрға жасаған еңбегің ұшан теңіз.. Біз де аман.. Москвадан шыға алмай қалдық... Күн де ауа райы да биыл ерекше. Өткен жолы жігіттер сұрап жатыр" деп едің.. Менен бәріне салем айт! Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын. Мені де Творческий адам жасадыңдар.. Ең негізі мына кеселден аман есен өтуге жазсын. Өзім де бәріңді сағындым.. Ұшайын десем қанат жоқ. Аман есен бас қосуға жазсын! Аман бол досым! Құрметпен, Иманғали" делінген құттықтау хатта.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар