Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы деректерді жариялады. Оған сәйкес Маңғыстау облысында 1 адам вирусты жұқтырғаны білгілі болды.
Қазіргі сәтте коронавирус 12 өңірде анықталып отыр. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, жалпы 126 науқас тіркелген.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланған.
Пікір қалдыру