Алматыда карантин қашан аяқталуы мүмкін?

/image/2020/04/02/crop-7_6_465x581_2020_03_19_crop-13_140_697x1239_135449909700.jpg

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов брифинг барысында "карантин қашан аяқталады?"деген сұраққа жауап берді.

– Біз әзірге карантиннің қашан аяқталатынын айта алмаймыз. Ол штабтың шешіміне байланысты. Өздеріңіз байқап отырсыздар, елімізде инфекция жұқтыру көрсеткіші өсіп барады. Мемлекет басшысы өте маңызды шешім қабылдады. Қазақстанда 3,5 млн адам табысынан айрылып қалды. Оларды азық түлікпен қамтуға, тұрақтылықты сақтауға қаражат бөлініп жатыр. Көптеген кәсіпорындар мен жұмыс орындары салықтан босатылды, – деді Е.Қожағапанов.

Бұған дейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда тұрғындар карантин талаптарын бұлжытпай орындаса, коронавирустың таралуы жақын арада төмендейтінін хабарлаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар