Қызылордада коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

/image/2020/04/07/crop-0_6_518x921_70_main.jpg

7 сәуір күні кешке Қызылорда облысында 12 адамнан корнавирус табылды деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Осыдан кейін Қызылорда облысы коронавирус жұқтырғандар жөнінен Қарғандының алдына шықты. Қазір бұл облыста вирус жұқтырған 66 адам анықталған. 

Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда 697 адамнан вирус табылған. Осы уақытқа дейін індеттен алты адам көз жұмып, 51 науқас айғып шыққан.

Коронавирустан ең қатты зардап шегіп жатқан Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы. Ел астанасында 222 адамнан вирус табылса, Алматыда 119 адам індет жұқтырған. Соңғы тәулікте Жамбыл облысында да вирус жұқтырғандар күрт көбейді. Қазір бұл өңірде 45 адамнан вирус табылған.

Коронавирус жұқтырғандар:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 222
  • Алматы қаласы – 119
  • Қызылорда облысы – 66
  • Қарағанды облысы – 55
  • Жамбыл облысы – 45
  • Ақмола облысы – 42
  • Түркістан облысы – 33
  • Атырау облысы – 32
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Шымкент қаласы – 20
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Маңғыстау облысы – 5
  • Қостанай облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Павлодар облысы – 1
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар