Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар 690-нан асты

/image/2020/04/08/crop-339_93_614x819_180245576500.png

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам Қызылорда облысында тiркелгенін хабарлады. Осылайша жалпы вирус жұқтырған науқастар 697-ге жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында – 55 адам, Ақмола облысында – 42 адам, Атырау облысы – 32 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 5 адам, Қызылорда облысында – 66 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 33 адам, Қостанай облысында – 3 адамнан анықталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар