"Коронавирус шықты" делінген құпия зертхананың фотосы жарияланды

/image/2020/04/19/crop-2_0_645x632_065604902100.jpg

Батыс басылымдарында Уханьның құпия вирусология институтының фотолары жарыса жарияланды. Бұл туралы Daily Mail, The Sun, The Express және The Washington Post газеттеріне шолу жасаған Қамшы тілшісі хабарлайды.

"Жарияланған фотолардағы зертхана ішінде 1500 түрлі вирустың штаммдарын сақтайтын тоңазытқыштар көрсетілген. Тоңазытқыштардың бірінің есігінде сынған пломба байқалады. Олардың ішінде жануарлардан адамға жұққан жарғанат коронавирусы сияқты жойқын әсерге ие вирустар сақталуы мүмкін"  деп жазады Daily Mail.

The Sun газетінің жазуынша, бұл суреттерді қытайдың China Daily газеті 2018 жылы жариялаған. Алайда, кейін өшірген. Суреттер өшірілгеннен кейін, өткен айда әлеуметтік желілерде, әсіресе, Twitter парақшаларында жарияланған.

Британдық The Mail басылымы да коронавирустың зертханадан шығу мүмкіндігін жазған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жақында Бейжіңнен вирустың зертханадан шыққан-шықпағанын анықтауды талап еткен. Ол: "біз бұл туралы көп нәрсе білуіміз керек. АҚШ үкіметі оны анықтау үшін бар күшін салып жатыр" деген.

Ол қытайлық тарапқа ынтымақтастық орнатудың ең жақсы жолдарының бірі "әлеммен бірлесіп, әлем ғалымдарына бұл вирустың қалай пайда болғанын, қалай тарала бастағанын білуге мүмкіндік беру" екенін айтқан.

2018 жылы жарғанат коронавирусын зерттеп жатқан Ухань зертханасы туралы АҚШ дипломаттарының ескертулерін Вашингтон Пост газеті жариялағаннан кейін күдік тіпті де күшейе түскен. Дипломаттар АҚШ мемлекеттік департаментіне бұл зертханадан SAR-ға ұқсас жаңа пандемия таралуы мүмкін екенін айтқан.

АҚШ барлау дереккөздерінің айтуынша, коронавирустың өршуі басталғаннан кейін көп ұзамай зертхана қызметкерлері вирустың үлгілерін жойып, есептер мен академиялық құжаттарды өшірген. Содан кейін жабайы жануарлар сатылатын Уханьның жабайы жануарлар базарына кінә тағуға тырысқан.

Дереккөздердің пікірінше, "нөлінші науқас" (ең алғашқы вирус жұқтырған адам) зертханада практикант болған, ол өзінің жігітіне жұқтырғаннан кейін жергілікті тұрғындарға вирус таратқан көрінеді.

"Бейжіңнің сойылын соғады" деген айыптарға тап болған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияға қатысты Бейжіңнің "вирус жабайы жануарлар базарынан тарады" деген теориясын тез қабылдады және насихаттады.

Ылғал базар (жануарлар базары) теориясын алғаш қабылдағаннан кейін де АҚШ, Ұлыбритания және Канададағы барлау қызметкерлері Ухань институтына көбірек көңіл бөле бастаған.

Британ үкіметінің дереккөздері айғақтамалар вирустың "зоонозды" жануардан шыққандығын көрсетеді деп тұжырымдаған. Коронавирусты зертханада зерттеген британдық ғалымдар вирус белгісіз апаттың салдарынан адамдарға жұққан деген теорияны құптап отыр.

Ал, Бейсенбіде G7 елдерінің онлайн кездесуінен кейін Франция президенті Эммануэль Макрон пандемия туралы "Біз білмейтін оқиғалар әлі көп" деген.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трампт өткен аптадағы баспасөз конференциясында белгісіз апат салдарынан вирустың зертханадан таралу теориясы туралы сұрақ қойылғанда,  "Біз бұл қорқынышты жағдайды мұқият зерттеп жатырмыз" деп жауап берген.

Ал, бүгін The Express басылымы: "Уханьдағы сырлы лабораторияның" рөлін зерттеп жатқан АҚШ мамандары мен барлау қызметкерлеріне ұлыбританиялықтар да қосылды" деп жазды.

Басылымның жазуынша, Ұлыбритания, АҚШ, Франция қосылып, коронавирустың таралуы мен жұмбақ шығу тегін жасыруға тырысқан Бейжіңді сынаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар