Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар министр айтқан мәжеден асты

/image/2020/05/01/crop-10_2_436x678_virus700.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырған тағы 102 жағдай тіркелгенін хабарлады.

Алматы қаласында – 79, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 6, Алматы облысында – 2, Жамбыл облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Түркістан облысында – 3, Шымкент қаласында – 1 науқастан вирус анықталып отыр.

Осылайша Қазақстанда коронавирус анықталғандардың жалпы саны 3504-ке жетті. Оның 866-сы індеттен айығып шықса, 25 адам қайтыс болған.

Бұған дейін, 30 наурызда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов наурыз-мамыр аралығында Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 3 жарым мың адамнан аспайтынына үміттенетінін айтқан.

а

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар