Алматыда дезинфекция жұмыстарына 64 бригада жұмылдырылды

/image/2020/05/06/crop-10_8_587x783_s1200.jpg

Алматыда 5 мамырда жоспарланған 8364 кіреберіс (2984 үйде) және 1426 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дезинфекция жұмыстарына 64 бригада, 465 адам жұмылдырылып, 77 900 литр дайын ерітінді қолданылды.

6 мамырдағы жоспар бойынша, 7268 кіреберісті (2682 үйде) дезинфекциялау және 1345 аула аумағын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.  Жұмысқа құрамында 437 адам бар 60 бригада қатысты.

Көшелер мен тротуарларды жуып-тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша:

5 мамырда 5 024 мың шаршы метр көше және 510 мың шаршы метр тротуар, 195 контейнерлік алаң және 955 контейнер залалсыздандырылды. Бұл жұмысқа 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарларды, көше жәшіктерін, орындықтарды, аялдамаларды, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуып-тазалау және дезинфекциялау үшін:

161 бірлік арнайы техника (оның ішінде – 82 бірлік дезинфекция үшін);
- 903 жол жұмысшысы (оның ішінде 123 дезинфектор).
560 мың литр ерітінді жұмсалды (жұмыстың басынан барлығы 12 588 мың литр).

Сонымен қатар 222 контейнерлік алаңды дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. Оған 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды. Тәулігіне шығарылған қоқыс көлемі 1300 тоннаны құрады.

6 мамырдағы жоспар бойынша:

- 162 бірлік арнайы техника (оның ішінде 84 бірлік дезинфекцияға);
- 963 жол жұмысшысы (оның ішінде 126 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар