Ресей мен NATO жойғыш ұшақтары бір-біріне жақын келді. Бұл соңғы үш күндегі екінші оқиға. Бұл туралы Қамшы тілшісі SkyNews-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Балтық теңізінің Литва жағалауына жақын маңда Ресейдің тыңшылық ұшағымен қоса екі жойғыш ұшағы және NATO соғыс ұшақтары бір-біріне өте жақын келген.
SkyNews жазуынша, Ұлыбританияның Литвадағы корольдік әскери-әуе тайфунының жойғыш ұшақтары мен Ресейдің "Il-20 COOT A" бақылау және барлау ұшағы, сонымен қатар Ресейдің екі "Су-27 Flanker B" ұшағы Балтық маңында бір-біріне өте жақын келген.
Басылым соңғы бірнеше айда аймақта NATO әскери күштері мен Ресей қарулы күштерінің белсенділігі арта түскенін хабарлады.
Пікір қалдыру