COVID-19-бен байланысты, карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, Алматының онкологиялық орталығы науқастарды амбулаторлық қабылдап, диагностикалық зерттеу және науқастарға емдеу жүргізеді.
Алматылық онкологиялық орталық директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі онлайн интервью барысында коронавирус пандемиясы кезінде онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстар қалай өтетінін айтты.
Айтылған ақпаратқа сәйкес, Алматыда жыл сайын төрт мыңға жуық қатерлі ісік аурулары анықталады. Алғашқы жартыжылдықта Орталықта жеті мыңнан астам науқас емделді.
«Бүгінгі таңда шамамен мыңға жуық операциялар жасалды, бес жарым мыңға жуық адам химиятерапия курсын алды және 500 адам сәулемен емдеуден өтті. Біздің негізгі міндеті – науқастарды ертерек анықтау, 100% емдеумен қамтамасыз етілді», — деп атап өтті ол.
Н. Ізбағамбетов пандемия кезінде онконауқастармен байланысты дәрігерлердің бақылауымен бөлісті.
«Біз шындығында өзіміздің терапиямызбен барлық науқастардың иммунитетін ауыр препарздың аттармен және сәуле терапиясымен басамыз. Бірақ бір қызықты бақыладық, осы емдерді алған науқастарымыздың арасында COVID-19 жұқтырғандар саны аз. Халықаралық тәжірибені сараптай отыра, дәрігерлер қатерлі ісік ауруларына қарсы қолданылатын препараттарды қолдану коронавирус инфекциясын да басатынын байқаған», — деді ол, алайда бұл ақпарат коронавирус инфекциясын емдеуде ауыр препараттарды қолдануға ұсынылмайтынын атап өтті.
Сонымен бірге, Нұрсұлтан Ізбағамбетов дәрілік қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарға түсініктеме берді. Орталық қажетті дәрілік препараттар қорымен қамтамасыз етіледі.
«Біздің жұмысымыздың әрбір кезеңінде біз Медициналық сақтандыру қорымен және дәрілермен қамтамасыз етуде "СК-Фармация" ЖШС өкілдерімен ынтымақтастықтамыз. Орталықтың барлық дәрігерлері дәрілік препараттармен толық қамтамасыз етіледі», — деп хабарлады Н. Ізбағамбетов.
«Еліміздің барлық онкологиялық орталықтары сияқты біздің аурухана барлық препараттармен "СК-Фармация" компаниясы арқылы қамтамасыз етіледі. Биылғы жылы қаңтарда біз препараттардың жартыжылдық қорын алдық, COVID-19 және шекараның жабылғанына, әуе қатынастарының үзілгеніне қарамастан, біз айтарлықтай қиындық көрмедік», — деп атап өткен ол сүйектегі метостазаны емдеуге арналған препараттар тобы маусым айына жеткенін айтып толықтырды.
Өз кезегінде Алматы қаласының әкімдігі, жекелей алғанда, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы мәселеге жауапты орган ретінде дәрілік препараттармен қамтамасыз етілу, қаржыландыру және басқа да ұйымдастыру мәселелерін қадағалайды. Орталықтың бас дәрігері атап өткендей, қазіргі уақытта олардың қамтамасыз етілу мәселесі шешілуде.
Пікір қалдыру