Армения сыртқы істер министрлігі ОБСЕ Минск тобы төраға елдері көшбасшыларының (АҚШ, Франция, Ресей) бірлескен үндеуіне байланысты мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Армения бірлескер үндеуде Таулы Карабақтағы қақтығыс кезінде күш қолдану айыпталғанын жақтайтынын жеткізген.
"Армения өзі мен Арцахқа (Таулы Карабахтағы тәуелсіздігі мойындалмаған мемлекет) қарсы Әзербайжанның қатері мен күш қолдануын, Түркияның әскери қимылдарға тікелей араласқанын айыптайды. Әзербайжан мен Түркияның бірлескен агрессиясы, сондай-ақ шетелдік террористердің араласуы аймақтағы тыныш әрі бейбіт өмірдің шырқын бұзады. Сол арқылы кең ауқымды соғыс қатерін туғызды. Арцахқа қарсы агрессия дереу тоқтатылуы керек. Армения Таулы Карабах конфликтінің бейбіт шешілгенін қалайды. Біз Арцахқа қарсы агрессияға батыл түрде қарсы шыға отырып, ОБСЕ Минск тобы төраға елдерінің 1994-1995 жылдардағы келісімге сай, оқ атуды тоқтату бағытында жұмыс істеуге әзірміз" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.
Таулы Карабахтағы қақтығыс 27 қыркүйектен бері жалғасып келеді. Екі тарап жанжалдың басталуына бірін-бірі кінәлайды.
Таулы Карабах Әзербайжан Республикасы аумағындағы автономиялық облыс. Облыс толықтай Әзербайжанның аумағында жатыр. Ешқандай елмен шектеспейді.
1992-1994 жылдары Армения аймақта этникалық армяндардың тұрып жатқанын желеу етіп әскер күшімен Таулы Карабах өлкесі мен іргелес жатқан жеті ауданның жерін басып алған. Аккупацияланған жер Әзербайжан территориясының 20 пайызын құрайды.
Ол сәтте Таулы Карабахта 170 мың азамат тұрған. Оның 130 мыңы армяндар, қалғаны әзербайжандар еді.
1994 жылы облыста оқ атуды тоқтату туралы келісім жасалар сәтте Әзербайжан жеріне миллионға жуық босқын келген.
1994 жылдан бері аталған аймаққа қатысты келіссөздер АҚШ, Франция, Ресей теңтөрағалары саналатын ОБСЕ-нің Минск тобы деген атпен жалғасып келеді.
Пікір қалдыру