Қазақстанның киелі жерлері ре¬тінде ерекше бағаланатын табиғи және мәдени нысандар, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, халық арасынан шыққан көрнекті тұлғалардың кесенелері мен қорымдары тарихи-саяси оқиғаларға байланысты орындар деп танылады.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында үш бағытты қамтыған біраз жұмыстар атқарылды. Соның ішінде бірінші бағыт —2017 жылы республикалық маңызы бар киелі жерлердің тізіміне біздің облыс бойынша 12 ескерткіш және жергілікті маңызы бар 46 ескерткіш енгізілді.
Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар киелі жерлер тізіміне енгізілген 12 ескерткіш: Қобда ауданындағы Абат-Байтақ қорымы, Қобыланды батыр мемориалдық кешені, Исатай батыр кесенесі, Әйтеке би ауданындағы Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» қорымы, Кеңесары ханның қарындасы – Бопайдың моласы, Темір ауданындағы Досжан ишан мешіті, Шалқар ауданындағы Есет-Дәрібай Көтібарұлының кесенелері, Алға ауданындағы Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені, Хромтау ауданындағы Ойсылқара қорымы, Ырғыз ауданындағы Жаманшың метеорит кратері, Алға ауданындағы Әубәкір Кердерінің кесенесі, Байғанин ауданындағы Қызылүйік ғибадатханасы.
Екінші бағыт — облыс аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді ғылыми реставрациялау жұмыстары.
2017 жылы Қобда ауданында орналасқан Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне реконструкция жасалып, Абат-Байтақ қорымының аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2019 жылы Темір ауданындағы Досжан ишан мешітінде консервациялау жұмыстары басталды. Биыл Ырғыз ауданындағы Алмат тамы мавзолейіне, Шалқар ауданындағы Оңалбек ата кесенесіне және Алға ауданындағы Шәкен ишан мешітіне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар мен жұмыс жобалары әзірленуде.
Үшінші бағыт — Ақтөбе облысы аумағындағы киелі жерлерді ғылыми тұрғыдан зерттеу.
2018 жылы Әйтеке би мен Ырғыз аудандары аумағындағы жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар 30-дан астам ескерткіштің орналасқан орындары мен жай-күйін анықтау, фотофиксация жұмыстары жүргізіліп, координаттары нақтыланды. Бұл өңірдегі ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басына жататын кесене-ғибадатханалардың қатарында Нұрсейіт, Қали, Назар, Жаныс, Кепер, Алмат тамы сияқты мазарлар бар.
Археологтардың күшімен Темір ауданы Тасқопа ауылының маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде археологтар алтын бұйымдармен әшекейленген сармат көсемінің қорғанын тапқан болатын. Табылған барлық құнды заттар ҚР археология институтына зерттеуге жіберілді.
Сондай-ақ а.ж. шілде айында Ойыл аудандық музейінің археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Берсиев округі маңындағы ерте дәуірде адамдар мекендеген «Қаздыарал» тұрағынан ерте қола дәуірі мен орта ғасыр кезеңіне жататын ескі құмыра, адам сүйектері табылды. Табылған жәдігерлерге ғылыми зерттеу жүргізілуде.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында барлығы 97 ескерткішке, оның ішінде қала аумағындағы 39 ескерткішке, аудандардағы 58 ескерткішке бірегей және жекелеген QR-кодтар орнатылды.
2021 жылы облыс бойынша 50 ескерткішке QR-код орнату жоспарланып отыр.
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ бастамасымен «Жұбановтан-Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедициясы ұйымдастырылды.
Ақтөбе облысы күн сайын өркендеп келе жатқан облыстардың бірі және орасан зор экономикалық, мәдени, туристік потенциалы бар өңір. Арнайы жоба аясында жергілікті маңызы бар киелі орындарға 24 туристік бағыттар жасақталды.
2019 жылы туристік бағыттар бойынша 90 980 адам Ақтөбе облысына келіп, 105 кемпинг салынды. Жалпы туристерге көрсетілген қызметтер көлемі 1 млрд. 693 млн теңгені құрады.
Бүгінгі таңда Кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп өңірдегі туристік объектілердің картасы жасалып, Қобда, Ойыл, Мәртөк, Хромтау, Алға, Қарғалы, Ырғыз, Шалқар аудандарына 8 сапар ұйымдастырылды.
Қобда ауданында агротуризм бойынша ұлттық тағамдар (қымыз, қаймақ, балқаймақ, сарымай және т.б.) дайындау үдерісімен, Ойыл ауданында «Барқын» шөл құмдары, қарағай тоғайлары, Ұлы Жібек жолының (Көкжар жәрмеңкесі, көпес үйлері) тарихымен, Мәртөк ауданында Батыс Қазақстандағы жалғыз марал шаруашылығы, «Айс» сүт фермасымен таныстырылды.
Хромтау ауданы туристер Дон КБК карьері, геологиялық нысандардың халықаралық тізіміне енгізілген «Айдарлыаша» геологиялық қимасы, Алға ауданының «Тама Есет батыр Көкұлы» мемориалдық кешеніне жақын жерде астынан шығатын таза су көзі «Сәрсенбұлақ» бұлағы, Қарғалы ауданында «Қарғалы су қоймасы» су объектісі, маусымдық «Қасқыр сарқырамасы» туристік бағытқа алынған.
Ырғыз-Шалқар экомаршруты «Жаманшың» кратерінен басталып, «Ырғыз-Торғай резерваты», Шолақ, Жайлау, Көлжарма көлдері, Шалқардағы «Есет - Дәрібай» мемориалдық кешені және «Ынтымақ» шаруа қожалығында болған туристер атпен серуендеп, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Жақын арада қалған бағыттар бойынша турлар өткізу жоспарлануда (Байғанин, Әйтеке би, Мұғалжар және Темір ауданы).
Ұлттық құндылықтарымызды осын¬дай киелі нысандар арқылы жаң-ғырту- бағдарламалық тапсырманың бірі де бірегейі. Қа¬зақстанның қасиетті жерлерін қас¬терлеу – бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтары анық.
Пікір қалдыру