Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралап шықты

/image/2021/12/01/crop-53_14_697x929_e81ce74ace2eb42abdd850bbd947228b_1280x720.jpg

22 қазан, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралап шығып, облыс орталығын дамытатын бірқатар жобалардың жүзеге асырылуымен танысты. Өңір басшысы Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы шахматшылар гүл бағының абаттандырылу барысын қарап шықты. 

Гүл бағының ұзындығы - 540 метр. Қалпына келтіру жұмыстары қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Шамамен 9,5 м2 қырланған кеспе тастар төселіп, суару жүйесі жаңартылады, теректер, үйеңкі мен көпжылдық гүлдер отырғызылды, сонымен қатар, воркаут пен балалар ойын алаңдары орнатылады.

Өңір басшысы “КМК Строй” ЖШС мердігер мекемесінің басшылығына сапалы жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды. Мәскеу ауданында облыс әкімі С.Сейфуллин көшесіндегі автокөлік жолының жөндеу барысын қарап шықты. Жұмыс екі күн ішінде біту керек.

Айта кетейік, биыл Мәскеу ауданының Мясоедов, Озерная, Екпінді, Менделеев, Білтабанов, Пушкин, Черепанов, Островский, Жаманқұлов, Луговая, Мұңайтпасов сияқты барлығы оннан астам көшесінің автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, жөнделіп жатқан көшелерді сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Аудан тұрғыны Владимир Долгополов:

«Бұл жерге қашан асфальт төселгені есімде жоқ. Осы Сейфуллин көшесіне, яғни бұрынғы Қызыл көшесіне асфальт Кеңес заманында төселген еді, Черепанов көшесінде мүлдем асфальт болмаған. Контейнерлерді қойған, қоқыс енді ұшпайтын болады»,- деді облыс әкіміне.

Өңірде жоспар бойынша үшауысымдық оқудың мәселесі шешіліп жатыр, соның ішінде жұмыс жасап жатқан мектептердің ғимараттарын жапсарластырып жаңа корпус салу есебінен кеңейту арқылы.

Жапсарластырылып салынған жаңа корпус бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин барған № 53 мектептегі үшауысымдық оқудың мәселесін де шешті. Бұл мектепте бүгінде 2 мың бала оқиды.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында мектептердегі орын тапшылығын жою жөніндегі бесжылдық бағдарлама жасалған болатын. Соған сәйкес, 2025 жылы 54 мектеп салынады.

Бұдан өзге, өңір басшысы «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй алабының бірінші шағын ауданындағы гүл бағының абаттандырылу жұмыстарымен танысты. Жыл соңына дейін мұнда сүрлеу тақталары төселіп, жаяужолдар, жарық, суару жүйесі орнатылады, балаларға арналған және спорт алаңдары, күркелер және т.б. қондырылмақ.

Коммуналдық қызметтер гүл бағын көгалдандыру жұмыстарымен жарын айналысатын болады. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі қала басшылығына облыс орталығын әрі қарай абаттандыру мен жүзеге асырылып жатқан жобалардың уақытылы аяқталуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар