Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша екі айлықтың барысы қаралды.
Экологиялық екі айлық аясында елді мекендердің аумағын санитарлық тазарту, тал отырғызу, рұқсатсыз төгілген қоқыстарды жою және т.б. жұмыстары жүргізілуде.
8 қыркүйек пен 17 қазан аралығында барлығы облыс аудандарында алты, ақтөбе қаласында үш сенбілік өтті. Оған апта сайын орташа алғанда 14,9 мың облыс тұрғыны қатысты.
Нәтижесінде, қоқыс жиналған 679 орын, 428 стихиялық қоқыс жойылып, 7 720 көшет отырғызылса, оның 3,5 мыңнан астамы Ақтөбе қаласында егілді.
Санитарлық нормаларды бұзушыларды анықтау жұмыстары күшейтілді. Мыңға жуық жеке және заңды тұлғаға заңбұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, 145 заңбұзушыға жалпы сомасы 3,4 млн теңгеге айып пұл салынды.
Облыс әкімі барлық бағыттағы жұмысты күшейтуді, көгалдандыру мен көшеттердің аман қалуына ерекше назар аударуды тапсырды.
Пікір қалдыру