Оңдасын Оразалин "Ақтөбе" және "Атырау барыстары" командалары арасындағы ұлттық лиганың баскетбол матчына барды

/image/2021/12/01/crop-79_12_697x929_65e1bddd608adf85497788beb5fe33be_1280x720.jpg

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин "Ақтөбе" және "Атырау барыстары" командалары арасындағы ұлттық лиганың баскетбол матчына барды.

Жарыс "Қоныс" спорт сарайында өтіп, 77:58 есебімен "Ақтөбе" жеңіске жетті.

"Атырау барыстары" - Қазақстанның мықты клубтарының бірі. Олар үнемі алда келеді. Алайда бүгін жеңіске жету мүмкіндігіміз тең болды. Сондай-ақ, ойын алғаш рет үй аренасында жаңа жаттықтырушы Элен Шакирова Рафаэлқызының басшылығымен өткізіліп жатқанын айтқым келеді. Ол спорттың, кеңес баскетболының аңызы, олимпиада чемпионы! Бұл кештің артықшылығы сол, көрермен саны жағынан  рекорд жасады, еш жерде мұндай көп жанкүйер жиналмайды, және бізде шектеулер бар",- деді Ақтөбе облысының баскетбол федерациясының төрағасы Алмат Кенжеғұлов.
Өңір басшысына 04 нөмірлі ойын футболкасы тарту етілді.

"Ақтөбе" баскетбол клубы 2017 жылы құрылған. Жоғары деңгейлі кәсіпқойлықтың арқасында 2019 жылы "Ақтөбе" БК ҚР Жоғары лигасының чемпионы болды, 2020 жылы Ұлттық лигада алғаш рет ойнады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар