Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновпен жұмыс бабымен кездесті.
Кездесу барысында өңірде мемлекет басшысының қылмыстық істерді электронды форматқа ауыстыру, сонымен қатар тергеушілердің, жедел уәкілдер мен ішкі істер органдарының халықпен өзара әрекет ететін басқа да қызметкерлерінің кабинеттеріне бейне бақылау камераларын орнату бойынша тапсырмасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
«Әкімдік тарапынан қажетті материалдық көмек көрсетілді. 1 желтоқсаннан бастап ІІД-нің жедел басқару орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел басқару орталығына шығаратын барлық кабинеттерде камера тұрады деп ойлаймын»,- деді Сәкен Сәрсенов.
Сондай-ақ,өңірдегі қоғамдық кеңістіктер мен мектептерді бейне бақылау камераларымен қамту сұрақтары да қаралды. Бұл камералар да құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алып, тез әрекет ету үшін тікелей облыстық Ішкі істер департаментінің жедел басқармасына шығарылуы тиіс.
Пікір қалдыру